Текст
19.03.2026

Бүгін біздің мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында «тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару»ұранымен ұйымдастырылған 4-5 сынып оқушылары арасында спорттық эстафета өтті.
Балалар жарысқа үлкен ынтамен қатысты. Қатысушылар ептілік, күш, төзімділік және ең бастысы командалардың бірлігін көрсетті.
Іс-шара жарқын, белсенді және танымдық түрде өтті, оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын және төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын еске салды. Барлық командалар сергектік, жағымды эмоциялар мен керемет көңіл-күй алды!