Текст
15.12.2025

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — 16 желтоқсанға арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара еліміз үшін аса маңызды бұл күннің мәнін айқындайтын мерекелік әрі салтанатты жағдайда өтті.
Салтанатты жиын барысында олимпиадалар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға грамоталар табысталды. Олардың жетістіктері жылы лебіздер мен қошеметке ие болып, алдағы уақытта білім мен шығармашылық жолында жаңа табыстарға жетуге жігер берді.